Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Есте сақтауды әлсірететін себептердің ең қауіптісі

0 1  010

Зейінді нашарлататын ең қауіпті індет – нәпсіқұмарлықтың артуы. Бүгінгі таңда отбасы мен қоғамдық орта жастардың жақсы тәлім-тәрбие алуына тиісті жағдай жасай алмай отырғаны жасырын емес.

Қоғамдық өмірді жайлаған түрлі теріс пікірлер адам санасын кірлетіп, рухын жасытуда. Бүгінгі адамдардың зейін-зердесін теледидар бағдарламалары, ғаламтор желісі, компьютерлік ойындар, шым-шытырық хабарлар, саяси айтыс-тартыстар, спортшылар мен өнер адамдарының күнделікті өмірі, сенсация тудыру үшін ойдан шығарылған түрлі қауесеттер, өтірікті шындай қылып көрсететін көзбояушылық пен аяр қылықтар жайлаған.

Онсыз да әбден әлсіреген зейін-зердені, ақыл-ойды осы аталған факторлар шырмауықтай шырмап тастаған. Нәпсіқұмарлық қозып, адам бойындағы ізгі қасиеттер өшуде. Осының салдарынан бүгінгі адамдардың оқып-тоқуы, үйренуі, тереңнен толғап ойлануы қиындап, зейін-зердесі төмендеп барады.

Өкінішке қарай, бүгінгі адамдар харам нәрсені көру, тыңдау, айту, қарау сынды күнәлардың шеңгелді қыспағында рухани тұрғыдан әлсіреп бара жатқаны ащы шындық. Бұлардың барлығы әбден әлсіреген миды одан сайын тоздырады.

Бұған қоса миға соққы болып тиіп жатқан соншама кір, құмарлықты қоздыратын хайуандық сезімдер бар. Бұлар заманымыздағы ұрпақтың оқуына, ойлануына, үйренуіне кедергі келтіруде және есте сақтау қабілетіне зиян тигізуде.

«Көзді күнәдан қалай қорғаймыз?» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.