Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында іс-шара өтті

0 878

ҚМДБ биылғы жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы жеп атаған болатын.

Осыған орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бірқатар шаралар іске асуда.

Үрдіске айналған уағыз-насихат жұмыстарын жандандырып, мешіт жамағатына дұрыс діни ақпарат беру, дәстүрлі діни қағидаттарды дәріптеп, жат ағымның алдын алу мақсатында мешітімізде атқарылып жатқан «Берекелі жамағат» атты апталық іс-шарасының кезекті тақырыбы бірлік пен ынтымаққа арналды.

Шара аясында ерікті ораза ұстаушы ағайынға ауызашар дастарханы жайылды.

Бас имам Руслан Байзақов жиналған жамағатқа «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында уағыз айтып, дініміздегі бірлік мәселесі хақында сөз қозғап, иман бірлігінде болу арқылы ел тыныштығына үлес қосудың үлкен мұсылманшылық сипат екенін жеткізді.

Жыл басында басталған игі іс-шара алдағы уақытта да әр аптаның бейсенбі күнінде өз жалғасын тауып отыратын болады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.