Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақсақалдарға алғыс айтты

0 961

Алланың ақырғы Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір ете алмайды», – дейді. Өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін айтулы күнде ақсақалдарға алғыс айту – жас буынның міндеті.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті бас қаладағы ең алғашқы мешіт болғандықтан бұл жердегі ақсақалдардың орыны мен рөлі айрықша.

Бүгінгі алғыс айту күніне орай бас имам Руслан Байзақов пен ҚМДБ «Зекет» қорының елорда филиалының жауапты қызметкері Мерей Жақия ақсақалдарға алғыс айтып, мешіт атынан сый-сыяпат табыстады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.