Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дұғаны қалай бастау керек?

0 1  803

Сәлам ибн Ақуа әл-Әслами (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) «Сүбхәнә Раббиал-Алиил-Ағлал-Уәһһаб» – деп айтпай тұрып, дұға еткенін естіген емеспін».

Фәдәла ибн Убайд айтады: «Бір кісі ішке кіріп, намаз оқыды. Ардақты Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) де сол жерде болатын. Әлгі кісі намазын оқып болып, былайша дұға жасайды. «Ей, Алла! Мені кешір. Рахымыңды түсір». Пайғамбарлар Сұлтаны (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) болса:

– Асығыстық жасадың. Есіңде болсын, намазды бітірген соң, алдымен Аллаға жақсылап шүкіршілік етіп мадақ (хамд-сәна) айтуың керек. Содан маған салауат келтіргеннен кейін, Алладан қалағаныңды сұрай беруіңе болады, – деді.

Біраздан кейін тағы біреуі келіп, намаз оқыған соң Аллаға мадақ айтты. Артынан сүйікті Расулуллаға (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) салауат айтты. Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) ол кісіге бұрылып, былайша тіл қатты:

– Ей, Алланың құлы! Енді Алладан қалағаныңды тілей бер. Дұғаң қабыл болады.

Йә, дұға жасар кезде еш уақытта сараңдық жасамауымыз қажет екен. Кейде асығыстанып тез-тез дұға жасаймызда тұрып кетеміз.

Жомарт Анарбеков

«Ар-Рахман» мешітінің бас имамы

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.