Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Неке мәселелері талқыланды

0 774

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы елорданың Алматы ауданы әкімдігінде өткен ажырасудың алдын алу және неке, отбасыға байланысты мәселелер төңірегінде өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Басқосуға сондай-ақ ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрсақов пен Бауыржан Абдуалиев, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Рахматулла Махсутханұлы, Алматы ауданының соты Айгүл Елубайқызы, АХАТ бөлімінің басшысы Гүлсім Мәдиқызы, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Сапура Мухамедиярқызы, медиатор Дана Маратқызы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Мади Шойынбекұлы қатысты.

Басқосуда негізінен неке қию, ажырасу мәселелері талқыланды. Жиында мамандар көтерілген тақырып бойынша өз ойын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында неке қию рәсімдерінің заңдылық нормалары, өзге елдің азаматтарына тұрмысқа шығу мәселесі, сот арқылы ажырасу процестері, ажырасудың негізгі себептері және оны алдын алу жолдары сараланды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.