Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді.
Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбандардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Айта кетейік, 1997 жылдан бері жыл сайын елімізде 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілген.