«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкелер қосыны жаңа маманмен толықты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешітімізге наиб имам және жаңадан ұстаз тағайындалды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов жұма намазына жиналған ағайынды жаңа тағайындаулармен таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.
Мешітімізде ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарған Серікбол Хаман ұстаздық қызметтен босатылып, наиб имамдық қызметке тағайындалса, Ақбаев Әлишер Сәбитұлы жаңадан ұстаздық қызметке кірісті.
Серікбол Хаман
1978 ж. туылған.
Білімі:
1986 – 1995 ж.ж. аралығында мектепте білім алған.
2003 ж. Қазақ Араб университетінің дінтану факультетінде білім алған.
2007 ж. Отырар университеті гуманитарлық факультеті Әлем тарихы мамандығын үздік нәтижемен бітірген.
2008 – 2012 ж.ж. Әл-Әзһар университетінің исламтану институтын бітіріген.
2012 – 2017 ж.ж. Әл-Әзһар университетінің Шариғат және Заң факультетін тамамдаған.
2018-2020 ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-інде магистрлік оқыған. Дінтану ғылымдарының магистрі.
Қызмет тәжірибесі:
2017-2022 ж.ж. аралығында “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келеді.
2022 ж. 24 маусымда “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Ақбаев Әлишер Сәбитұлы
Білімі:
–2004-2008 ж.ж. аралығында «Астана қаласы көлік және коммуникациялар колледжінде» білім алған;
–2011-2015 ж.ж. аралығында «Нұр-мүбәрак Египет Ислам мәдениеті» университетінде білім алған;
–2018 жылдың қараша-желтоқсан аралығында «Нұр-мүбәрак Египет Ислам мәдениеті» университеті «Экстремизімнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты» екі айлық курстан өткен;
– 2020 жылдың наурыз-мамыр аралығында Египеттің Кайр қаласында «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсынан өткен;
Қызметтік тәжірибесі:
–2015-2018 ж.ж. желтоқсан айы аралығында Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде найб имам;
–2018-2019ж.ж. аралығында Байқоңыр қаласының «Жәрімбет ата» мешітінде бас имам;
–2019-2022 ж.ж. арасында Қызылорда қалалық «Мүсірәлі-ата» мешітінде бас имам қызметтерін атқарған.
2022 ж. 24 маусымда “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің ұстазы қызметіне тағайындалды.