Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Уақып министрімен ортақ жобаларды талқылады

0 719

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Мысыр Араб Республикасының Уақып министрі Мұхтар Жұмамен кездесті.

Кездесуде ертең Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің әлем жұртшылығын бірлік пен достыққа үндеудегі рөлі сөз болды.

Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан және Мысыр халқының арасында ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи, бауырластық байланыс бар. Бауырластық байланыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті салынды. Университет ұстаздары дін кадрын дайындауда үлкен еңбек сіңіріп келеді. Біздің елде студенттерге дәріс беріп жатқан барша мысырлық ұстаздарға ерекше алғыс айтамын. Алла разы болсын!» деді.

Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бас мүфти діни кадр даярлауға қолдау көрсетіп келе жатқан Уақып министрлігіне алғысын жеткізіп, мәртебелі мейманға ізгі тілегін білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.