Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дене бітімге, киімге қатысты рияның белгісі

0 558

Рия дегеніміз – Алла ризалығы үшін жасалуға тиісті амалдарға адамзатты да ортақ қылып, Алланың білгенін және Оның риза болғанын жеткіліксіз санап, басқа жолдардан медет тілеу. Рия – амалдың сауабын жоятын жүректегі рухани дерт әрі иманның әлсіреуі. Алла Тағала жүректе жасырылған әрбір нәрсені білгендіктен ешбір ойды, ешбір ниетті Одан жасырып, бүгіп қалу мүмкін емес.

ДЕНЕ-БІТІМГЕ ҚАТЫСТЫ РИЯ
Рияның бұл түрін мұсылман адам тамақты аз жейтіндігін, құлшылықты үлкен ыджаһатпен жасайтынын, ақирет үшін қатты қорқатынын білдіру үшін дене-бітімін арық етіп көрінуі арқылы жасауы мүмкін. Түні бойы құлшылықта болғанын, дін үшін үлкен уайым шегетінін көрсету үшін бозарған болып көрінуі мүмкін. Әрі ораза ұстап, аштықтан әлсірегенін, шариғат насихаттаған байсалдылықты сақтаған болып көрінгісі келуі мүмкін. Ал дүние ісін мақсат тұтқан адамдар семіздікпен, жүзінің ашықтығымен, бойшаңдығымен, сұлулығымен, тәнінің тазалығымен және сол сияқты басқа да сипаттармен рия қылуы мүмкін.

КИІМГЕ ҚАТЫСТЫ РИЯ
Адам жүннен жасалған киім киіп, киімін балтырға дейін түріп, киімнің қатты, жамалған түрі мен парсы сулығын кию арқылы сүннетті ұстанатын болып көрінгісі келуі мүмкін. Өзгелерден ерекшеленумен адамдарды өзіне қарату сияқты ниет тууы мүмкін. Тозып, кірлеген киім кию арқылы дін үшін қам жеуден босамағансып, киімді жамап, жуынуға уақыт жоқ сияқты немесе кішіпейіл сипатын ұстанып, нәпсіні басып, міскінсіп, тақуалықпен жүргендей көрінгісі келуі мүмкін. Егер ондай ниетті адамға таза, орта бағалы киім кисеңші деп айтылса, ол үшін өліммен тең. Себебі адамдардың: «Ол бұл дүниеге қызығып, тақуалығынан қайтыпты», – деп айтар сөзінен қорқады.

материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.