Бас имам ораза айының қарсаңында мешіт жамағатының ішіндегі орта-шағын бизнес өкілдерімен кездесті.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов кәсіпкер азаматтарды келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, бұл айдың мән-маңызы жайлы тоқталды.
Сонымен бірге, Елордамыздағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының оразаға байланысты кәсіпкерлерге бағаны арзандату туралы үндеуімен таныстырды.
Кездесу барысында бас имам Руслан Байзақов Бас мүфти үндеуіне сәйкес кәсіпкер азаматтарды қасиетті айда тұтынушыларға жеңілдік жасауға, бағаны шарықтатпауға шақырды.
Басқосу нәтижесінде кәсіпкерлер Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің үндеуін қолдау қасиетті ай бойы күнделікті көпбалалы отбасынан шыққан бір баланы киіндіріп отыруға келісті.
Сонымен бірге, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бағытталған қайырымдылық шараларын күнделік і ұйымдастыруға уәделесті.