Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүфтилер алқасының кезекті мәжілісі өтті

0 1  019

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған ҚМДБ жанындағы Мүфтилер алқасының кезекті мәжілісі өтті.

Мәжіліске мүфтиятты әр жылдары басқарған Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз қатысты.

«Алла Тағала қасиетті Құранда «Әли Имран» сүресінің 159-аятында ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олар үшін жарылқау тіле және істеріңді олармен ақылдас», – деп айтқан.

Халқымыз «Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ» дейді. Бүгінгі басқосудың мақсаты – сіздердің діни саладағы мол тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізді ескере отырып, мұсылман жамағатының рухани бірлігін нығайту, еліміз бен жеріміздің рухани дамуына үлес қосу. Алла Тағала ортақ мақсат жолында өнімді еңбек ете беруді нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда дін қайраткерлері жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, халықтың рухани бірлігін арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу т.б мәселелер туралы ойларын ортаға салды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.