Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қостанайда су тасқынына байланысты арнайы құрбан шалынды

0 931

Қостанай облыстық орталық мешіті өңірдегі су тасқынына байланысты ата салтымен арнайы құрбандық шалынды.

Дәстүр мен дін қабысқан шараға өңірде тасқын судан зардап шеккен елдімекендерге дем бере барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти арнайы қатысты.

Қатты сынаққа ұшырап, еңсеру қиын болған сәттерде құрбандыққа мал шалып, Жаратқаннан медет тілеу дінімізде де, салтымызда да бар ғұрып. 

Наурызбай қажы Тағанұлы: «Уа, Алла Тағалам! Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла Тағалам! Тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы еткейсің. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр» деп дұға етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.