Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Түркия Президентімен кездесті

0 2  616

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жұмыс сапары барысында осы елдің Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

Бауырлас елдің Мемлекет басшысы мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері мен дін ғалымдарын арнайы қабылдап, арнайы қонақасын берді. Режеп Тайып Ердоған мұсылман мемлекеттерінің дінбасыларына айрықша алғысын білдіріп, Ыстамбұл қаласында өтетін «Дүниежүзілік ислам ғұламаларының жоғары кеңес саммитіне» сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Президентіне сый-сияпат жасап, ел мұсылмандарының сәлемін жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.