Абдулла ибн Масғуд аяғы тыриған, арық кісі болатын.
Бірде құрма теру үшін ағашқа өрмелей бастаған сәтте жел балтырын ашып жібереді де, мұны көрген сахабалар күледі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
– Неге күлдіңдер?, – сұрайды.
– Ибн Масғудтың балтыры ашылып қалды, – деді сахабалар.
– Оның екі балтыры таразыда Ұхұдтан ауыр болады, – деді.
– Адам салмағымен емес жүрегімен, малымен емес ақылымен, сырт әлпетімен емес сөзімен бағаланады. Сен әлсіз, әлжуаз, қарапайым деп ойлаған адамның мың жыл өмір сүрсеңде біле алмайтын Алланың алдында үлкен дәрежесі болады.
Әдемі біреуді көріп сол сияқты болсам ғой деуің мүмкін, бірақ ол қатігез, залым, тасжүрек болуы да мүмкін.
Адамдарға сырттай қарап баға беруге болмайды. Алла әлсізді құдіреті шектеулі болғаны үшін, кедейді қазынасы кем болғаны үшін жартқан жоқ. Мұның бәрі дүниелік сынақ пен емтихан ғана.
Жаратылғандарды сыйламасаң да Жаратқанды сыйла…
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz