Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барып, өңірдегі әйел ұстаздармен кездесті.
Кездесу барысында сектор меңгерушісі ұстаздарға бір қатар тапсырмалар жүктеді. Жиналыс ары қарай «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбындағы семинар мен жалғасты. Тақырыпты Маңғыстау облысына арнай іссапармен келген Алматы қаласының әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы жалғастырып, ұстаз болудың маңыздылығы мен жауапкершілігі жөнінде сабақ жүргізді.
Сондай-ақ сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы Маңғыстау облысы әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен орталық «Бекет ата» мешітінде «Әйел – сұлу қашанда әдебімен» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Гүлмира Ілесбайқызы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, сектордың облыстағы жауапты маманы Ұлдаулет Қоңыратбайқызы, ақ жаулықты аналарымыз қатысты. Алғысөзді бас имам Әнуар Ізімбайұлы сөйлеп, семинарды ашып берді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды» – деген хадисін тілге тиек еткен Динара Құтқожақызы отбасының құндылығы, әдептілік маңыздылығына тоқталды. Гүлмира Ілесбайқызы өз кезегінде Ер мен әйелдің отбасындағы рөлі , отбасындағы ажырасу себептері мен оның алдын алу жолдары тақырыбында өзекті мәселелер ді қозғады. Жиын соңында ұстаздар жамағаттың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.