Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алланы еске алмайтын өмір – нағыз бақытсыздық

Алланы еске алмайтын өмір – нағыз бақытсыздық

0 74

Қымбатты досым, жүрегіңді ақыретке байла, өйткені бұл дүние мәңгі емес.

 

Өзіңді де, жақындарыңды да Алланы еске түсіруге шақыр… Алланы еске алмайтын өмір – нағыз бақытсыздық… Тек аттардан құралған топтар ғана емес, бұл – жүректер тобы… Оларды құндылықтар басқарады… Алла разылығы үшін өмірлеріңде береке болсын!

«Сенімен жеке сөйлескім келеді!» деген сөздерді естігенде жүрегің дір етіп, ойыңда жүздеген сұрақ туындайды. Енді бір сәт елестетіп көрші, бұл сөздерді саған Жаратушың айтып тұрса: «Қиямет күні олардың әрқайсысы Маған жалғыз өзі келеді». («Мәриям» сүресі, 19:95)

Алламен арада ерекше кездесу болады, онда бізге әрбір кішкентай және үлкен ісіміз үшін есеп беріледі. Бұл ұлы сәтке лайықты дайындық қажет…

Өмір – сапар, жарыс емес, бізге Алла не жазса, соны ғана бастан кешеміз. Тағдырымыз алдын ала жазылған, Өміріміздің ұзақтығы белгіленген, ризық-несібеміз анықталған. Сондықтан, бұл сапарда ең маңыздысы – тағдырымызға риза болып, онымен өмір сүруді үйрену.

Нағыз бақыт – тағдырға ризашылықпен қарап, сонымен бірге өмір сүре білуде.

материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.