Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти мешіт жамағатына насихат айтты

Наиб мүфти мешіт жамағатына насихат айтты

0 120

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Астанадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын айтты.

Жиналған көпшілік «Көршің жақсы болса – тынысың» тақырыбында көркем уағыз тыңдап, дініміз мұсылмандарға көрші ақысына үлкен мән беруді бұйырғанын тілге тиек етті.

Наиб мүфти Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен мысалдар келтіріп, мұсылман адам көршілермен жақсы қарым-қатынаста болып, көркем әдеп көрсете білуі керек екенін атап өтіп, көршілік әдепке жататын ізгі амалдарды жеке-жеке тоқталды. Атап айтқанда, көрші таңдау, көршіге жәрдем беру, көршіге зиян тигізбеу жайында қасиетті Құраннан аяттар мен қиссалардан үзінді келтірді.

Қоғамның бірлігі әрбір адамның өз отбасы мүшелерімен, туыстарымен, көршілерімен бірлікте, жақсы қарым-қатынаста болуы арқылы жүзеге асатынын айта келе, насихат соңында мешіт жамағатын ауызбіршілікте, ынтымақта болуға шақырды.

Жұма намазына келген жамағат айтылған ғибратты үгіт-насихаттардан сусындап, мол рухани азық алып қайтты.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.