Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сарапшылар кеңесінің сегізінші мәжілісі өтуде (фото)

Сарапшылар кеңесінің сегізінші мәжілісі өтуде (фото)

0 53

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің сегізінші мәжілісі өтуде.


Кеңес жұмысын ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Биылғы 2024 жылды ҚМДБ аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияладық. Атаулы жыл аясында халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеуге, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесіне мән берілді. Сонымен қатар дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды насихаттауға тырыстық», – дей келіп, «MUFTIYAT» баспасынан шыққан дін мен дәстүр үндестігі мен үйлесімін негіз еткен кітаптар, Ислам өркениетінің дамуына үлес қосқан ғұламалардың еңбектерін насихаттау мақсатында ҚМДБ-ның атсалысуымен өткізілген іс-шараларға арнайы тоқталды.

Мәжілісте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіне қатысты сындар мен жұмысын жетілдіру жолдары, 2025 жылы басымдық беретін жұмыс бағыттары, сондай-ақ дәстүрлі мұсылмандық мектепті жаңғырту бағытындағы маңызды іс-шаралар сынды мәселелер талқылануда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.