Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ей, нәпсім, бұл дүние сені алдамасын!

Ей, нәпсім, бұл дүние сені алдамасын!

0 147

Ей, нәпсім! Бұл дүне сені алдамасын. Арбаушы шайтан сені алдамасын. Ендеше, уақытыңды бос кетірме, жоғалтпа. Әрбір демің санаулы, сенің бір демің шыққанда бір клеткаң өлгендей сезін. Денсаулығыңды ауру келмей тұрып ғанмет біл, жастық шағыңды кәрілік келмей қадірле.

 

Ей, нәпсім! Сен қыс мезгіліне дайындаласың ғой. Қыс үш ай екенін біле тұра бір айға ғана жететін көмір, шөп, отын дайындамайсың ғой. Үш айға жететін етіп дайындайсың. Неге енді қысқа дайындалмай-ақ: “Алланың кеңшілігіне, рахметіне арқа сүйеп, Алланың өзі аман алып шығады деп қоя салмайсың? Ақырет ісіне келген кезде Алла мейірімді ғой, кешіреді ғой”, – деп өзіңді алдайсың. Әлде сен үшін қыстың суығы мен қыстың қаһары тозақтың суығы мен қаһарынан жеңіл болғаны ма?

Ей, нәпсім!  Адам баласы қысқа дайындалмаса: жылы кім, отынын дайындамаса қыстан аман шығады деп ойлайсың ба? Алла Тағала қыстан аман алып шығады, қыстан аман шығудың Өз мейірімділігімен жол көрсеткен жоқ па? Бізге отынды, көмірді жаратып берді, жылы кім берді. Сол нәрселерді басын құрап жнасақ, қамдансақ Алланың рахметімен қыстан аман шығамыз. Дәл сол секілді ақырет ісінде де Алла мейірімді, Алла кең. Алланың мейірімділігі, кеңшілігі сол бізге Пайғамбар жіберді, тура жолды көрсетті, тозақтан құтылудың да жолын көрсетті соны жасар болсақ қяметте құтылушылардан боламыз.

материал «Ей, нәпсім» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.