Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үш жағдайда адам баласы сабыр етуі тиіс

Үш жағдайда адам баласы сабыр етуі тиіс

0 82

Үш жағдайда адам баласы сабыр етуі тиіс:

 

  1. ғибадаттарды толық орындауда;
  2. күнәға кірмеуде;
  3. қиындықтарға төтеп беруде.

Адам өзіне берілген сабырды керексіз жерлерге ысырап етпесе, басындағы барлық қиындықтарды жеңеді.

Оны өткенге немесе келер шаққа емес, тек бүгін үшін жұмсаса, керемет күш иесі болып, «Алла сабыр еткендермен бірге» аятын толығымен түсіне алар еді.

Негізгі мәселе өмірдегі қиындықтардың көлемінде емес, сабырдың сол қиындықтарға күші жетпеуінде жатыр. Адам сол мәселені шешуге арналған сабырды өткенге және ертеңгі күніне жұмсап қояды. Ол әскерінің жартысын оң жаққа, жартысын сол жаққа жөнелтіп, жауға қарама-қарсы жалғыз аттанған қолбасшы секілді соғыс басталмай жеңіледі.

Адам тағдырындағы барлық қиындықтарға төтеп бере алатындай күш берілгеніне қарамастан, оларды ысырап еткені үшін әлсіз қалады. Ешқандай қиындық шыдау күшінен жоғары болмайды. Осыны түсіне алмағандықтан тез беріледі. Алла Тағала ысырапшылықты жақсы көрмейді, сол себептен ертеңгі күннің сабырын бізге алдын ала жібермейді. Сол секілді дәл қазір жіберілген сабырдың өткен шақ үшін қолданылуы құп көрілмейді.

Алла қиындықтармен бірге сол қиындықтарды жеңіп шығуға болатындай сабыр да жібереді. Ал біз адамдар сол сабырды басқа жерлерге жұмсағандықтан басымыздағы мәселені шешуге қауқарымыз жетпейді. Ертеңгі күні басыңа келіп-келмеуі беймәлім қиындықтар туралы уайымдау адамдағы энергия қорын тауысады.

Негізі шайтан келешектің барлық жауапкершілігін бір сәтте адамға жүктеу арқылы адамның барлық күшін жоюға тырысады. Ертеңгі күннің міндеттемелерін арқалауға тырысқан адам әлі жаратылмаған жүктердің ауырлығынан шаршап, нәтижесінде қазіргі сәттің жауапкершілігінен де бас тартады. Жүз метрге жүгіретіндердің бар күшін бірден пайдалануы заңдылық. Алайда марафонда жүгіретіндер үшін бұл – үлкен қателік. Барлық күшін керек уақытта, керек жерде қолдана білу олар үшін өте маңызды. Алдында ұзақ жолы бар адам күш-қайратын керек жерлерде, ысырап етпестен қолдануы керек. Адамның шынайы өмірі дәл осы сәтті ғана қамтиды.

Барлық сабырын өткен күндерге және келер шаққа жұмсаған адам шағымданудан қашып құтыла алмайды. Қалай шүкір ету нығметті көбейтетін болса, дәл солай шағымдану қиындықтарды арттырады. Сол себепті адам баласы барлық күшін, бар сабырын дәл осы сәттегі мәселерді шешуге арнауы керек. Осылайша, Алланың мейірімін, қиындықтардың ақырет үшін маңызын ойлау арқылы қайта күш жинауы қажет. Өтіп кеткен қиындықтардың ақыретте сый болып алдынан шығатынын естен шығармауы тиіс.

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.