Бас мүфти марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасымен кездесті
Бас мүфти марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасымен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыға барған сапарында мүфтияттың 35 жылдық мерейтойы қарсаңында Діни басқарманы 2000-2013 жылдар аралығында басқарған марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасымен кездесті.
Наурызбай қажы Тағанұлы марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлінің жұбайы Рафия Бәкірқызын 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
«Әбсаттар қажы Дербісәлі дініміздің дамуына үлес қосумен бірге өмірін ғылым жолына арнады. Шығыстанушы ғалым, академик ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде сол шәкірттері әлемнің әр түкпірінде жемісті қызмет етуде. Ұстазға бұдан асқан бақыт бар ма?! Өмірінің 10 жылдан аса уақытын Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының дамуына арнады. Осы жылдар ішінде Нұр-Мүбарак университеті, қаншама мешіттер мен медреселер ашылды. Біз Әбсаттар қажы Дербісәлі есімін әркез еске алып отырамыз» деді Бас мүфти.
Ғалымның жұбайы Рафия Бәкірқызы марқұмды құрметтеп, игі іске себепкер болған Бас мүфтиге айрықша алғысын білдірді.