Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти мешіт жамағатына жұма насихатын айтты (фото)

Наиб мүфти мешіт жамағатына жұма насихатын айтты (фото)

0 127

Бүгін қасиетті жұма күні наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа насихат айтты.

Сансызбай Құрбанұлы «Қоғамда мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында насихат айтып, мұсылман адам Алла Тағаланың өзіне парыз еткен құлшылық-ғибадаттарды өтегеннен кейін қоғамға да пайда әкелетін ізгі істер атқаруы тиіс екенін атап өтті.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді», – деп мұсылманның өзгелерге көмек қолын-созып, жәрдемші болуы керектігін айтқан (имам Бұхари). Халқымыздағы: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі» немесе «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді», – деген нақыл сөздер әр адамға елдің, қоғамның қамын ойлауға шақырып, оның дамуы мен өркендеуі үшін бар қолдан келер жақсылығын аянбауға үндейді», деді  наиб мүфти.

Сондай-ақ, мұсылманның қоғамдағы орны мен өзгелерге тигізетін бірнеше пайдасы туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, өзгелерге жанашыр болу, жомарт болу, қоғамдық тәртіпті сақтау, бауырмал болу секілді қасиеттерге кеңінен тоқталды.

Насихат соңында Алла Тағала баршамызды қоғамға пайдалы, ізгі істер атқаратын пенделерінің қатарынан етуі үшін мешіт жамағатымен бірге дұға жасады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.