Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана имамдары жыл жоспарымен танысты (фото)

Астана имамдары жыл жоспарымен танысты (фото)

0 198

«Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарының жылдық жоспармен танысу жиыны өтті.


Басқосуға наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және елорда мешіттерінің бас имамдары мен басқа да дін қызметкерлері қатысты.

Жиында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында айтылған негізгі 4 бағыт бойынша («Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру») атқарылуы тиіс іс-шаралар талқыланып, әр бағытқа жауапты мамандар өздеріне тиесілі бағыт бойынша жұмыстанды.

Сондай-ақ, жылдың басымдық берілетін негізгі тұсы – отбасы институтын жаңғырту мәселесі бойынша қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бірқатар мәселелерді қаперге сала отырып, дін қызметкерлерін ынтымақ пен бірлік негізінде жұмыла қызмет атқаруға шақырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.