Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құранды өртеу мен келемеждеуге қатысты ҚМДБ мәлімдемесі

Құранды өртеу мен келемеждеуге қатысты ҚМДБ мәлімдемесі

0 60

Әлеуметтік желіде күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты бейне материал таралуда. Ең өкініштісі, бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары үшін челлендж секілді ұсынылып отыр. Сондай-ақ отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді және олардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді.

Расында жер бетіндегі барша мұсылман баласы үшін қасиетті де қастерлі болған Құранды өртеу – шектен шығудың ең үлкені. Бұл – адамгершілікке мүлде жат іс. Бүлікшілер өрескел ісімен өздерінің адамға тән болмысын қорлауда.

Шын мәнінде қасиетті Құранды құрметтеген адам Алланың құрметіне бөленеді. Қасиетті кітапты кемсіткен кісінің амалы Алланы кемсіткенмен тең. Құранды сақтаушы да, қорғаушы да бір Алла. Бұл туралы қасиетті кітабымызда: «Шүбәсіз, осынау зікірді (Құранды) Біз түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз» («Хижр» сүресі, 9-аят) деп баяндалған.

Ал Құран Кәрімді келемеждеу, оны мазаққа айналдыруды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті кітапқа құрметсіздік деп есептейді. Өйткені бұл жерде Құран Кәрім де, оған қатысты әдептер де аяқасты етілген. Құран Кәрім – Алла Тағаланың сөзі, адамзатқа жіберілген ұлы мұғжизасы әрі мұсылман үмбеті үшін қасиетті кітап. Сондықтан Құранды дәретпен, ықыласпен, қырағатпен оқу керек.

Алла Тағала елімізді бүлік атаулыдан сақтап, жерімізге тыныштық бергей. Әмин!

дереккөз: muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.