Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетті (фото)

Бас имам мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетті (фото)

0 100

Қасиетті Шағбан айының құрметіне орай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүр бойынша мешіт ақсақалдарына лайықты құрмет көрсетілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Адамдарға алғыс айтпағанның, Аллаға алғысы жоқ, яғни шүкірі жоқ» (Тирмизи) деген өсиетіне амал еткен құлшылық ордасының қызметкерлері қарияларға құрмет көрсетіп, батасын алды.

Бас имам ақсақалдарға арнайы алғыс хат пен сыйлықтар тарту етіп, құттықтау лебізін білдірді. Дініміздегі және дәстүріміздегі үлкендерді құрметтеудің сауабы мен әдебі турасында насихат айтты. Әрдайым осы мешіттің ішінен табылып, жастарды жұмылдырып, ақылшы болып жүрген аға буын мен қариялар өздерінің өнегелі әңгімелерін өрбітіп, тағылымға толы ізгі ойларын ортаға салды. Ізгі шара соңында мешіттің құрметті ақсақалдары бас имам мен мешіт қызметкерлеріне зор алғыстарын білдірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.