Алла разы болған және рақымын берген саудагер – табысын Алла рұқсат еткен жолдармен тауып, адамдарды алдаудан, Алла харам еткен нәрселерді, мысалы, ішімдік, есірткі, шошқа етін және басқа да тыйым салынған нәрселерді сатудан пайда көрмеген саудагер.
Алла оған разы болған саудагер – бұл Алла Тағалаға шүкіршілік ететін, тапқан ақшасын Алла Тағаланы ашуландыратын нәрселерге емес, игі мақсаттарға жұмсайтын адам.
Алла Тағала оған разы болған саудагер – ол мал-мүлкінен тазартатын зекет беретін, табысының бір бөлігін кедейлер мен жетімдерге көмектесуге, пайдалы кітаптар мен білімді таратуға, мешіттер мен жолдар салуға, құдықдар қазуға және адамдарды сумен қамтамасыз етуге және басқа да Аллаға ұнамды мақсаттарға жұмсайтын адам.
Бірде Алланың Елшісі Мәдинада болған кезінде, намаз оқитын жерге бара жатып, саудамен айналысып жатқан, яғни бірдеңелерді алып-сатып жатқан адамдарды көрді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Уа саудагерлер!», – деп үндеу тастады. Олар оның шақыруына бірден жауап беріп, оның не айтатынын күтіп, жүздері мен назарларын оған бұрды. Әрі сол кезде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, саудагерлер, олардың тақуалық пен ізгілік жасап, шыншыл болғандарынан басқалары, Қиямет күні бұзықтар болады», – деді.
Басқа бір кезде ол саудагерлерге мына сөздермен жүгінген болатын: «Әй саудагерлер! Расында, сауда істері көбіне бос сөзбен және ант берумен қабаттасып жүреді, сондықтан саудаларыңды садақамен сұйылтыңдар» (Абу Дауд, 3326; әт-Тирмизи, 1208).
материал «Саудагерлерге жолдау» кітабынан алынды,
sunna.kz