ҚМДБ Төрағасы діни оңалту мамандарына семинар өткізді (фото)
ҚМДБ Төрағасы діни оңалту мамандарына семинар өткізді (фото)
Елордадағы Республикалық бас мешітте ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Деструктивті діни ағымдар жақтастарын оңалту жұмысындағы теологиялық, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер» тақырыбында кәсіби біліктілікті арттыру семинары өтті.
ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен семинарға салаға жауапты мамандар, имамдар қатысты. Бас мүфти діни оңалту жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілігіне ерекше тоқталып, имамдарға ерік-жігер берді. Сонымен қоса, жат діни ағымдардан сақтандыру жұмысында ұлттық құндылықтарға аса мән беру қажеттілігін жеткізді.
«Кеше еліміздің қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» атты ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті. Форумда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Тынымбайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген адамгершілік және жауапкершілік, әділдік және адалдық, бірлік пен ынтымақ сынды құндылықтарды қоғамда кеңінен дәріптеудің маңызына айрықша тоқталды. Сонымен қатар жат ағыммен күресудің өзектілігін тілге тиек етті.
Жaлғaн дiни ұйымдaрдың уaғыздaры мeн ic-әрeкeттерін саралағанда мынадай ой түйеміз: олaр aзaмaттaрға әлeумeттiк қолдaу көрсетіп, дiни топтaрдың әрeкeтiн бacқaлaрғa қaрcы пайдаланады. Өздeрiнiң ceнiмдeрiн тaңып, aдaмдaрдың дүниeтaнымы мeн көзқaрacын өзгeртугe мәжбүрлeйдi, үрeй мeн қорқыныш әдicтерімен қатар физикaлық әдicтeрді де шебер қолданады. Сондай-ақ, Қaзaқcтaн мeмлeкeтi мен оның инcтитуттaрын дiн жолында күрeceтiн қарсылас жaу ретінде cипaттап, дiнгe ceнушiлeрдi мaқcaтқa жeту жолында «рухaни жaуынгeр» болуғa шaқырaды» деді ҚМДБ Төрағасы.
Айта кетейік, семинар барысында Дін істері комитеті Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан Жұмажанұлы, психолог Лола Шакимова, ҚАЖ Комитеті қызметкерлері Дәулет Бақбергенұлы мен Әділет Ажмауленұлы, Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов дәріс оқыды. Сондай-ақ семинарда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысқан имамдарға біліктілігін арттырғаны жөнінде арнайы сертификатты табыстады.