Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ ұжымы Әз-Наурыз мерекесін атап өтті

ҚМДБ ұжымы Әз-Наурыз мерекесін атап өтті

0 183

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында елордада дін мен дәстүрдің сабақтастығын ұлықтауға бағытталған «Әз-Наурыз – ырыс пен ынтымақ мерекесі» атауымен кең көлемді рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен қатар келген мерекелік жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация, дін қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында арнайы тігілген киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері көрсетіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, қазақ халқы мен түрлі этнос өкілдері арасындағы рухани жақындық пен ынтымақты паш ететін мәдени бағдарлама ұсынылды.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда өзара сыйластық пен татулықты арттыру, Наурыз мейрамының рухани және мәдени мәнін кеңінен насихаттау, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу болды.

Бұл игі бастама – халқымыздың ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.