Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шығыс Қазақстан имамдары ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай марапатталды

Шығыс Қазақстан имамдары ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай марапатталды

0 88

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында дін қызметінде сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар имамға мерекелік марапаттар табысталды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысындағы 9 имамға діни-ағартушылық қызметі үшін арнайы медаль тапсырылды.

«ҚМДБ-ның 35 жылдық тарихында ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан имамдарымыздың еңбегі қашан да құрметке лайық. Қоғамда әділет пен имандылықты насихаттап, халықты ізгілікке үндеп жүрген сіздердің қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деді Бас мүфти салтанатты рәсімде.

Марапатталған дін қызметкерлері:

1) Бұқай Сайлау – Ұлан ауданы, «Жаңа-Қанай ауылдық мешітінің» молдасы

2) Ибрахим Еркінбай – Өскемен қаласы, «Мұхамади» мешітінің наиб имамы

3) Жарасов Амангелді Ілялханұлы – Ақжар ауылы, «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы

4) Жұмабеков Бауыржан Нығызбекұлы – Өскемен қаласы, Аблакетка кентіндегі мешіттің бас имамы

5) Көкебаев Мирас Сейілханұлы – Алтай ауданы, «Ақтан» орталық мешітінің бас имамы

6) Құсайынов Дубек Құсыманұлы – Өскемен қаласы, «Мұхамади» мешітінің наиб имамы

7) Хидиров Шодихан Халдарұлы – Өскемен қаласы, «Қунта қажы» мешітінің наиб имамы

8) Тилейбек Соянұлы – Күршім аудандық мешітінің бас имамы

9) Нұрғожин Санат Зарылханұлы – Зайсан ауданы, Қаратал ауылы, «Мұхамедрахым Рамазанұлы атындағы» мешіттің молдасы








Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.