«Құлшылықтың ең абзалы қайсы?» деген сұраққа әулиенің жауабы
«Құлшылықтың ең абзалы қайсы?» деген сұраққа әулиенің жауабы
Шейх Саъди әш-Ширази деген кісі әңгімелейді: Жұртқа күн көрсетпейтін бір залым, қатыгез адам өмір сүріпті. Жұрттың ығырын шығарып, елдің бәріне зияны тиіп болған екен. Күндердің бірінде әлгі адам тақуа әрі әулие кісіге жолығып қалып:
- Тақсыр, ғибадаттардың ең абзалы қайсы? – деп сұрапты. Сонда әулие кісі оған:
- – Сен үшін – ұйқы, – деп жауап беріпті. Әулиенің сөзіне таңырқаған залым:
- – Неге? – дейді түсінбей.
- – Өйткені ұйқыдағы кезіңде ешкімге зияның тимейді! – деген екен. Сөз тапқанға қолқа жоқ! Ешкімге пайдамыз тимесе де, құр болмағанда зиянымыз тимесін, оның өзі қоғамға қосқан үлесіміз болмақ.
материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,
sunna.kz