Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Коньядағы халықаралық конференцияға қатысты

Бас мүфти Коньядағы халықаралық конференцияға қатысты

0 56

Түркия Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Конья қаласында «Қазіргі отбасы өміріндегі қатерлер және олардың шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтті.


Ауқымды жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, қазақ қоғамындағы отбасының орны мен рухани тәрбиенің маңызы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, Бас мүфти отандық тәжірибемен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Конференция жұмысына 40-тан астам елден мүфтилер, дін ғалымдары және отбасы мәселелері бойынша мамандар қатысты. Басқосуда қазіргі замандағы отбасы құндылықтарының әлсіреу себептері, әлеуметтік және рухани дағдарыстар, сондай-ақ олардың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды.

Аталған конференция отбасы институтын сақтап қалу, жас ұрпақтың тәрбиесін дұрыс бағыттау және қоғамдағы рухани тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосатын маңызды алаңға айналды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.