Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шынайы сүйеніш – Аллаға тәуекел ету

Шынайы сүйеніш – Аллаға тәуекел ету

0 245

Көңілдің құлазуынан құтылу үшін:
• Күйеуіне емес, ең алдымен Аллаға тәуекел етуі керек.

• Алладан өзіне лайық жар нәсіп етіп, оның жүрегіне мейірім мен сүйіспеншілік салуын тілеуі қажет;

 

Маңызды айырмашылық:

• Егер әйел күйеуіне ғана сүйеніп, оған байланса,bАлла оны сол адамның еркіне тәуелді етіп қояды.

• Ал егер Аллаға тәуекел етсе, Алла оның жарының жүрегіне махаббат пен мейірім салып, оны нағыз қамқоршы етеді.

 

Ер адам – бала емес

• Күйеуіңді тым қатты еркелетіп, барлық жауапкершілікті өз мойныңа алма.

• Өз міндетіңді орында. Оның да өз рөлін атқаруына мүмкіндік бер.

• Оны барлық қиындықтан қорғап, балаша күтім жасаудың қажеті жоқ.

Неке – өзара тең серіктестік. Әркім өз міндетін орындағанда ғана қарым-қатынас берекелі болмақ.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.