Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Қажылық-2026 маусымына дайындық жұмыстары басталды

ҚМДБ: Қажылық-2026 маусымына дайындық жұмыстары басталды

0 64

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын бастады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай бастаған миссия мүшелері Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми іссапармен барды.


Іссапар барысында миссия мүшелері Сауд Арабиясында үлкен қажылықты ұйымдастыруға жауапты тиісті мекемелермен кездесіп, 2026 жылғы қажылық маусымын өткізуге қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық қажылардың қауіпсіздігі, тұру, көлік және медициналық қызмет көрсету бағыттарында өзара келісімдер жасалып, дайындық жұмыстары пысықталуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ 2026 жылғы үлкен қажылыққа қызмет көрсететін, ашық конкурс негізінде іріктелген 14 ресми туроператордың тізімін жариялаған болатын.

Сондай-ақ, алдағы аптада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиа 2026 жылғы үлкен қажылық сапарын ұйымдастыруға байланысты екіжақты келісім құжатына қол қоюы жоспарланып отыр.

Аталған келісім – келер жылғы қажылық маусымын жоғары деңгейде өткізуге, сондай-ақ қазақстандық қажылардың барлық рәсімдерді сапалы әрі жүйелі орындауына мүмкіндік беретін маңызды қадам болмақ.















Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.