Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдындағы жамағаттың міндеті
Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдындағы жамағаттың міндеті
Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдында жамағаттың міндеті: Ұстаздың алдында кішірею.
Ұстаз құрметті, қызметті қаламаса да, ол кісілердің қызметін жарасып қылып, сол арқылы сауап һәм шарапат үміт ету.
Исламда жағымпаздық тек ұстаздың алдында ғана рұқсат етілген.
Ұстазға шәкірт тәкәппарлануына болмайды.
Шәкірттің тәкәппарлығының бір көрінісі – ілімді тек атақты ұстаздардан алуы, солардың кітабын оқуы.
Ұстазға әзілдеуден аулақ болу керек.
Ұстаздың кішіпейілділігін біліп, кейбір надандар ұстазға орынсыз әзілдеп жатады. Одан кейін қалай ілім қонсын?
Ұстаздың алдында жаңбырды өзіне сіңіріп алатын жер секілді болу керек. Сол кезде ол кісіден көп нәрсе аласыз. Ұстазын құрметтеген ел – құтылады. Құрметсіздік көрсеткендер – тұтылады.
материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды,
sunna.kz