Мүфтият қызметкерлеріне «мерекелік медальдар» табысталды
Мүфтият қызметкерлеріне «мерекелік медальдар» табысталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Төралқа жиынында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан орталық аппарат қызметкерлері арнайы мерекелік медальмен марапатталды.
Аталған марапат ҚМДБ-ның дамуына, діни қызметтің ілгерілеуіне және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін табысталды.
35 жылдық мерекелік медальмен марапатталғандар:
Сансызбай Құрбанұлы – ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти
Ғылымбек Жәдігерұлы – ҚМДБ аппарат басшысы
Ершат Ағыбайұлы – «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры, Бас мүфтидің кеңесшісі
Бижігіт Нұржігітұлы – Бас мүфтидің кеңесшісі
Батыржан Берденұлы – ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі
Лаура Тлеуханқызы – ҚМДБ бас есепшісі
Тимур Серікқанұлы – ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі
Данияр Айтбайұлы – ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі
Нұрсұлтан Сәбитұлы – ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі
Кеулімжай Құтты – ҚМДБ-ға қарасты «Иман» журналының директоры
Дәулет Есенкелдіұлы – Бас мүфтидің көмекшісі
Айбек Асқарбекұлы – ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры
Бектемір Қуандықұлы – ҚМДБ-ға қарасты «Тауаф Тревел» қажылық фирмасының директоры
Мейрамбек Қабылбекұлы – ҚМДБ-ға қарасты «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры
Азамат Абдикеримұлы – ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» қорының директоры
Бауыржан Ергешұлы – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы
Медет Құрмашұлы – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы
Серікбол Тілегенұлы – ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Қайсар Қамарұлы – ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің медиа-операторы
Асқар Махамбет – ҚМДБ-ға қарасты «Иман» журналының дизайнері
Серікбол Хасан – ҚМДБ-ға қарасты «Мұнара» газетінің бас редакторы
Елбек Тасболатұлы – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы
Жаңабай Маратұлы – ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы























