Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Техас штатындағы Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті

Бас мүфти Техас штатындағы Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті

0 79

АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Техас штатындағы ірі мегаполистердің бірі — Хьюстон қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдері және студенттермен рухани кездесу өткізді.


Кездесу барысында Бас мүфти:
«Руханият – бірлік пен берекенің бастауы. Қай елде жүрсек те, қазақтың ең үлкен күші – ауызбіршілік, сыйластық және бауырмалдық. Ата-бабаларымыз “Бірлік болмай тірлік болмас” деп бекер айтпаған. Елден жырақта жүрген отандастарымыздың өзара татулығы мен жанашырлығы – ұлт ретінде сақталудың кепілі. Рухани құндылықтар мен көркем мінез адамды да, қоғамды да көркейтеді», – деп насихат айтты.

Насихат барысында адамдар арасындағы сыйластық, кешірімділік, өзара қолдау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттер ел бірлігінің негізі екені айтылды. Көреалмаушылық, өсек, араздық секілді жағымсыз әрекеттердің қоғам тұтастығына сызат түсіретіні ескертілді. Сонымен қатар жат жерде жүрген қазақ жастарының ұлттық болмысын, тілін, дәстүрін сақтауы маңызды екені жеткізілді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Кездесу соңында отандастарға елден арнайы апарылған ұлттық және рухани мазмұндағы сыйлықтар табысталды.

























Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.