Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти: Расында ораза – ең алдымен жүректің амалы

Бас мүфти: Расында ораза – ең алдымен жүректің амалы

0 47

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанада өткен «Рамазан – ізгілік айы» атты ауызашар дастарханында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оразаның рухани мәніне арнайы тоқталды.


«Расында ораза – ең алдымен жүректің амалы. Ол – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге бағытталған ұлы құлшылық. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру.

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы халқымызды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну үлкен имандылықтың белгісі екенін айрықша атап өтті»,-деді Бас мүфти.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын қасиетті Рамазан айында еліміздің барлық облыстарында ауыз ашар дастархандарын ұйымдастырып келеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.