Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді (фото)

0 67

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқыды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаздары, білікті қариларымыз – Баусариев Дастан Бақытбекұлы мен Муратов Теміржан және Mahmoud Mohamed Hasan оқыған Құран хатым аяқталды.Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды.

Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді. Мешіт жамағаты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.