«Сәдуақас қажы Ғылмани»: 250 адамға сәресі берілді (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: 250 адамға сәресі берілді (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түніне жиылған жамағаттың қарасы көп болды. Алла Тағаланың разылығынан үміт еткен жамағатты мешіт ұжымы үлкен ықыласпен қарсы алды.
Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітке жиылған көпшілікке сәресі беру жағы да назардан тыс қалмады. 250 кісіге арналған сәресі дастарханы жайылып, Рамазан қорапшалары табыс етілді.
Айта кетейік, бір ай бойы мешіт жанынан берілген ауызашар дастарханына демеуші азаматтар мұрындық болды.
Мешіт жамағатының Қадір түнін қарсы алуына бар жағдай жасаған мешіт ұжымына көпшілік алғысын арнады.

sunna.kz