Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ «Зекет қоры» 60 отбасына көмек көрсетті

0 1  430

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни салада басымдық беретін бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Діни басқарманың жанынан құрылған «Зекет қоры» республика бойынша ірі көлемде әртүрлі бағытта қайырымдылық шараларын өткізіп келеді.

Осы орайда, ҚМДБ «Зекет қоры» Астана қаласы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, жетім мен жесірі бар отбасыларға, асыраушысы жоқ қарт кісілерге, мүгедек жандарды асырап отырған 60 отбасына азық-түлік салынған арнайы көмек қапшықтарын үлестірді. Атап айтқанда,  ұн, сұйық май, макарон, қант, күріш, және шай таратылды. Шара барысында жиналған жамағатқа «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Руслан Байзақов қайырымдылық тақырыбында уағыз, насихат айтты. «Зекет қорының» ай сайынғы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіретін «Тайқазан» қайырымдылық жобасы келесі айда да өз жалғасын табады.IMG 4701

IMG 4710

IMG 4717

IMG 4690

IMG 4731

IMG 4724

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.