Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз алдыңғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Ресми кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлын жауапты лауазымды қызметімен құттықтап, жұмысына береке тіледі.
Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мәртебелі мейманға ілтипаты мен жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының даму бағдарламасымен таныстырды. 2018 жылда атқарылатын ауқымды іс-шаралар мен игі бастамаларымен бөлісті.
Кездесу соңында Дін қайраткерлері мүфтияттың даму бағдарламасы туралы өзара пікір алмасты.