Бас мүфти Серікбай қажы Ораз дініміздің дамуына қомақты үлес қосып, қоғамға пайдасын келтірген, өзінің ерен еңбегімен көзге түсіп, Діни басқарманың алғаш негізі қаланған уақытта дін қызметкерлері мен имамдарға үлгі болған Асылхан қажы Өмірзақұлы, Кенжәлі Қоңыратбайұлымен кездесті.
Бас мүфти кездесуде Діни басқарманың бүгінгі қызметі мен дін аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Дін саласындағы тәжірибесі мол Асылхан қажы Өмірзақұлы өз кезегінде Бас мүфтиге жылы лебізін білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетсек, Асылхан қажы Өмірзақұлы Бас мүфти болған Рәтбек қажы Нысанбайұлының орынбасары және Алматы орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарып, азаматтарды қажылыққа апару, Мысыр елінде имамдардың сауат ашу курсын ұйымдастыру сияқты т.б. игі істердің бастаушысы болып, негізін қалаған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы, Медеу ауданы «Әл Хамит» мешітінің бас имамы қызметін атқаруда.
Әсет Бектұр