Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ АУЫС-ТҮЙІСТЕР БОЛДЫ (ФОТО)

0 12  759

23.02. Астана. /SUNNA.KZ/ – ҚМДБ-нің төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, исламтанушы Бағзат Ақжолов «Астана» медресесінің ұстазы қызметінен босатылып, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күніне орай, мешітімізде бірқатар ауыс-түйістер болды. Осыған дейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде абыройлы қызмет атқарып келген Мамлюк Мусаев – Бас мүфтидың бұйрығымен «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы және Іс басқарушысы қызметіне ауысты. Сонымен қатар, Рашид Алпысбаев ОҚО Шымкент қаласындағы Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінің Бас имамы болып тағайындалса, Жасұлан Абутәліп Астана қаласы «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы болып бекітілді.

Сонай-ақ, қасиетті күні Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов жұмаға жиналған жамағатқа жаңа білікті наиб имамды таныстырды.

  Ақжолов Бағзат Расулұлы – 1988 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм  ауылында туған. Қазақ (ана тілі), араб, түрік, орыс тілдерін еркін меңгерген.

2005-2009 ж.ж. аралығында «Оңтүстік Қазақстан педагогикалық» университетінің  «Философия» мамандығы бойынша тәлім алған. 

2005-2006 ж.ж. Құран кәрімді толық жаттап бітіріп, қари /хафыз/ атанды.

2009-2012 ж.ж. Түркия Республикасы, Стамбұл қаласындағы «Хасеки» академиясының «Исламтанушы» мамандығын иеленді.

2013-2015 ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистранты.

Еңбек жолы: 

2012-2018 ж.ж. «Астана» медресесінде Ақида,Тәпсір,Хадис және Фиқһ пәндері бойынша ұстаздық қызмет абыройлы атқарған.

2013-2015 ж.ж. «Қазақстан-2030 қазақ түрік жастарды қолдау қоғамдық қорында» директор орынбасарлығы қызметін атқарды.

2015-2018 ж.ж. аралығында  аталмыш қордың атқарушы директоры  және «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсы «Ислам орталығы»-ның   директоры қызметін атқарған.

Екі ұл, бір қызыдың әкесі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.