Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы еліміздің өңірлерінде профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыруда

0 2  073

Ағымдық жылдың 26-29 маусым аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері еліміздің бірқатар өңірлерлерінде алдын алу жұмыстарын өткізді.

Топ құрамына білікті теолог, дінтанушы мамандар, мемлекеттік органдар, ғылыми-академиялық қауымдастық және үкіметтік емес мекемелер өкілдері енді. Солтүстік-Қазақстан облысына Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығы БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы Д.Есенова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Дінтану кафедрасының оқытушысы Ж.Асхатұлы, «Насихат» ҚБ теолог маманы Қ.Алшинбаев бастаған топ жергілікті ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне, журналист мамандар мен құқұқ қорғау органдарының қызметкерлеріне оқыту семинарларын жүргізді.

Қостанай облысында «Ансар» орталығының директор орынбасары, теолог Т.Талдыбаев, ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Х.Әділбеков, теолог маман А.Өтеповтан құралған РАТТ имамдардың біліктілігін арттыруға, дінтанулық сауаттылықты жетілдіруге бағытталған семинарлар , сондай-ақ ҚАЖ Департаменті мамандарымен арнайы кездесулер өткізді.

Шығыс Қазақстан обылысында ҚМДБ Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Е.Онгаров, «Парасат» кеңестік-әдістемелік орталығының директоры И.Беркимбаева, «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Т.Мустафина бастаған топ өңірде зайырлылық қағидаттарын нығайтуға, діни астарланған экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған әр түрлі форматтағы іс-шараларды жүзеге асырды.

РАТТ өткізген кездесулерде дін саласындағы заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге баса назар аударылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.