2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті.
Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды.
Аталған адамдар террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдіктелуде.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды.