Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АТАЗАҢ – БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БЕРІК КЕПІЛІ

0 1  551
Серікбай қажы ОРАЗ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Егемен еліміздің ширек ғасырдан астам əрбір белесінде, жеткен жетістігінде Атазаңның алар орны айрықша. Байтақ даламызда береке мен бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың орнығуы Конституциямыздың негізінде қалыптасқаны хақ. Бүгінде Атазаңымыз көк тудың төңірегіне топтасқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара достық пен мейірбандық қарым-қатынаста өмір сүруінің берік кепіліне, алтын арқауына айналды.
Алла Тағала қасиетті Құранда адамзат баласына бірлік пен бейбітшілік жолын ұстанып, берекелі ғұмыр кешуді бұйырған. 
Конституция – адамдардың тілі мен дінін, ұлты мен ұлысын алаламай, бəріне бірдей тең құқық беретін басты құжат. Ендеше, Атазаңымызды ардақтап, оның талаптарын орындау – барша азаматтың асыл борышы, мызғымас міндеті.
Алла Тағала жұртымызға тыныштық, елімізге амандық берсін! Татулықты ту еткен халқымыздың берекесі тасып, ырысы молайсын. Ынтымаққа ұйысқан елімізде бейбітшілік мәңгі тұрақтасын деп тілейміз.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.