Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

0 2  410

7-қыркүйек. Астана. /SUNNA.KZ/ – ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай қажы Құрбанұлы Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, «Заманауи мұсылман келбеті» тақырыбында жұма уағызын айтты.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, РАНТ мүшелерін арнайы шақырып, уағыз-насихат жұмыстарын жетілдіру және жамағатқа білікті ғалымдардың уағыздарын тыңдауға мүмкіндіктер тудыру мақсатында, белгілі-ғалым Сансызбай Шоқанов ұстаз арнайы шақыртылды.

Ұлағатты ұстаз, қасиетті жұма мінберінде былай деп бастады: «Ислам діні  — Алла тағаланың адамзатқа жіберген ең соңғы діні, Құран ең соңғы кітабы, Мұхаммед (с.ғ.с) ең соңғы пайғамбары.  Осыдан он төрт ғасыр бұрын Құран нұрынан нәр алған алғашқы мұсылмандар дереу надандық шекпенінен айрылып, ғылым білімге жаппай ден қойды. Мұсылман табаны тиген жер сол мезетте тыныштық ордасына, ғылым-білім мекеніне айналды. Әлбетте бұл шынайы исламның көрінісі, шынайы мұсылмандардың бойынан байқалатын сипат. Алайда уақыт өте исламның алтын ғасыры артқа қалып, мұсылмандар арасын алауыздық тұманы жайлады. Көптеген ислам мемлекеттерінде сауатсыздық, тұрақсыздық, билік құрды. Әсіресе 21-ғасыр мұсылмандарының еншісіне түскен ауыртпалық ерекше. Батыстың ғылымын, жоғарғы технологиясын меңгерген кейбір жастар батыстың қазіргі руханилықтан жұрдай мәдениетін де бойларына сіңіріп келеді. Әлбетте бұл дерттің басты себебі – исламның басты құндылықтарын дұрыс түсіне алмауымызда жатыр», – деген ұстаз Сансызбай Шоқанов, – Мұсылманның бойында табылуға тиіс сипаттарға жеке-жеке тоқталып, егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

(Толықырақ (жұма уағызы) видеонұсқасынан көре аласыздар).

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.