Мәртебелі мейманды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, қабылдау өткізді. Жұмаға жиылған қалың жамағатқа құрметті қонақты таныстырып өтіп, түрік мүфтиінің тілегіне кезек берілді. Бауырлас қос ел арасындағы рухани бірлік пен ынтымақтастықтың бұдан да жоғары деңгейге көтеріліп, берекесі арта түсуін тілге тиек еткен Әли Ербаш Бас мешітін жамағатына білім алудың да артықшылығын айта келіп, ілімге үндеді.
Айта кетейік, Бас мешіттегі жұма намазына Хорватия Ислам қоғамдастығы Месихат ұйымының төрағасы, Бас мүфти Әзиз Хасанұлы да келіп қатысты. Қасиетті жұма намазында бас қосқан үш ел мүфтиі біріге дұға жасап, әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің өркендеуін тіледі.