Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада жемқорлыққа қарсы семинар кеңес өтті (ФОТО)

0 1  782
Бүгін Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінде «Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру саласында заңнама бұзушылығына жол бермеу»тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру саласында заңнама бұзушылығына жол бермеу мақсатында өткізілген семинар кеңеске Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің мемлекеттік қызметшілері, ведомстволық ұйымдар, өңірлік дін істері басқармалары мен олардың орталықтары, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, сонымен қатар, осы бағытта жұмыс жасайтын ҮЕҰ мүшелері, олардың ішінде «Терроризмге қарсы комитет», «Дінтанушылар конгресі», «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Арлан» жастар патриоттық орталығы», «Ұлағат» қоғамдық қоры және басқалары қатысты.

Семинарға спикерлер ретінде қатысқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Бас прокуратураның, Қарағанды ​​мен Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармаларының және Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы, Қазақстандағы Православ және Католик шіркеулерінің өкілдері баяндама жасады.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарының алдын алу және осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың оң нәтижелерін жеткізді.

Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қатысушыларға тәжірибеге енгізілген тетіктер (механизмдер) туралы атап айтқанда, мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, стандарттар, қаржылық бақылау шаралары және т.б. бойынша түсіндірмелер берілді.

Өз кезегінде, Діни қызметкерлер әрбір әлемдік және дәстүрлі дінде адамның өмірін реттейтін, оның этикалық стандарттарын көрсететін нұсқаулар бар екенін  және де олар әртүрлі болса да, олардың жалпы мағынасы – жемқорлықтан бас тарту екенін атап көрсетті.

Жалпы семинар барысында қатысушылар діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру саласындағы  заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.