Қанға сіңген қасиет
Қартқа құрмет көрсету – қанға сіңген қасиеттеріміздің бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарттың қасында береке бар» деген. Қазыналы қарттарымызды қадірлеуді жас буынға үйрету – маңызды істің бірі.